«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Маржанбұлақ орта мектебінде 18 қазан күні өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп президенті сайлауы өтті. Сайлауға дейін сайлау алды дайындық жұмыстары жүргізіліп,үміткерлермен кездесулер ұйымдастырылды. 3 үміткер өз бағдарламаларын дайындап,таныстырды. Есеп комиссиясының шешімі бойынша 71 дауыспен 9«А»сынып оқушысы Алдамжаров Саламат мектеп президенті боп сайланды.
Маржанбұлақ орта мектебінде мектеп парламент мүшелері мен Жас Ұлан бөлімбасылары, үзіліс кезінде «Көңілді қоңырау» атты түрлі ойындар ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың уақытын тиімді өткізуге бейімдеу.
Маржанбұлақ орта мектебінде Ұстаздар күніне орай мектеп оқушылары арасында «Даналық ұстаздан» тақырыбында өзін-өзі басқару ұйымы бастаған құттықтау тілектерін жолдау ұйымдастырылды.Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары сүйікті ұстаздарына мерекелік тосын сыйлар жасап,«Дублер күні» өтті. Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні»мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнінің өткізу ережесі мен тәртібі туралы және мектепішілік бұйрығымен таныстырып,сәттілік тіледік. Үзіліс кезінде оқушылар мектеп тәртібін де қадағалап өз үлестерін қосты.
Маржанбұлақ орта мектебінің «Қайырымдылық-қайырлы іс»» атты акция барысында 1 қазан қарттар күніне орай, «Жас Ұлан» Ұландары мен өзін өзі басқару ұйымының белсенділері зейнеткер ұстаздардың үйін аралап,құттықтап сыйлықтарын таратты. Қариялар оқушыларға ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі