«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша” Smartbala” жобасының жоспарына сәйкес “Өнертапқыштыққа алғашқы қадам” байқауы ұйымдастырылды.
Маржанбұлақ орта мектебінде 9 сынып оқушыларымен “Қоғамдық тәртіп негіздері” тақырыбында пікірталас өтті. Мақсаты: Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылыр пікірталас барысында белсене қатысып, берілген сұрақтарға өз ойларын ашық айта білді.
Дебат қозғалысы фракция мүшелерінің ұйымдастыруымен,интернет желісіндегі тәулділіктің алдын алу мақсатында 8- класс оқушылары арасында «Оқушыларды интернет желісінен шектеу қажетпе?» атты пікір сайыс өткізілді.
Пікір сайыс нәтижесінде 8“Ә” сынып оқушылары “Ең тапқыр ойыншылар”, 8“А” сынып оқушылары “Ең білімді ойыншылар” номинациясын иеленіп,мадақтамамен марапатталды.
Мектебімізде 25 қазан- Республика күніне орай “Біз біргеміз бәріміз” атты сынып жетекші,оқушы, ата-ана арасында спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Аталған іс- шара өскелең ұрпқтың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы тығыз байланысты дамыту деңгейін жоғарылату мақсатында өткізілді. Сайыс түрлі көңілді эстафеталарға толы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша “Болашақ” тобы 8а сынып- 1 орынды жеңіп алды. Жеңімпаз аталған барлық отбасылар алғыс хатпен және ауыспалы кубокпен марапатталды.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі