«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп парламент мүшелері 5 сынып оқушыларымен «ДосболLIKE» тақырыбында көңілді үзіліс ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және достық сезімдерін нығайта түсу.
Мектебімізде “Еңбегі адал жас өрен”жобасысы аясында“Жалынды жастар” еріктілер тобы «Қоғамға қызмет ету», “Киелі табиғат” экологиялық акциясы негізінде мектеп аймағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: табиғатты аялау, қорғау, ластамау.
Мектебімізде парламент мүшелері оқушылар мен ұстаздардан аптаның дәйек сөзі “Еңбек-жай ғана қызмет емес, адам боллмысының айнасы”жөнінде сұхбат алды. Мақсаты: оқушылардың дәйек сөздің мағынасын түсіне біліуне баулу. Мағынасы: еңбек адамның рухани,әлеуметтік және моральдық қасиеттерін көрсетеді. Әркімнің еңбек етуі- оның ішкі әлемінің, құндылықтарының көрінісі.
11 қазан 2024 жылы мектебімізде “Біртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен , 9-11сыныптар арасында«Күзгі асар» атты жәрмеңке болып өтті. Жәрмеңкеге оқушылардың ата-аналары мен бірге сынып жетекшілері белсене қатысты. Күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан мақсатымыз күздің берекелі,мерекелі кезін насихаттап,оқушыларды талғампаздыққа,еңбекқорлыққа баулу,балалардың қызығушылығын арттыру. Жәрмеңкеде әр түрлі азық-түліктер сатылды: көкқністер, мен жеміс жидектер,үйден жасалған тағамдар. Жәрмеңке қызықты өтті.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі