МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!  

                                                                                                                                           

 Мектеп почтасы:marzhanbulak@mail,ru
Мектеп сайты:http://marjanbulak.mektep.info
Мектеп инстаграмм:instagram.com›marzhanbulakskaia/

                           

                                                   МЕКТЕП ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


30.09.2021

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" ММ "Маржанбұлақ орта мектебі" КММ- де мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді.

                           



                                                                                                                                                                                                  

                        Маржанбұлақ орта мектебінде 2021жылға арналған мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс -шаралар  жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша  жауапты мамандар арасында кезекті отырыс өткізілді.Отырыста 3ай ішінде жүргізілген мемлекеттік қызметтер туралы айтылды.

    
                         
18.03.2021

                                                                   
17.03.2021 ж.

     
15.03.2021
      
Маржанбұлақ орта мектебінде  "Отбасылар күні" қарсаңында "Ақ орамал" акциясы өткізілді

 

03.04.2021


 Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

🔸Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

🔸Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.

❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.




               

  Прием документов в 1 класс начнется 1 апреля

Прием документов в 1 класс стартует 1 апреля и продлится до 1 августа. Это было сделано для удобства всех участников образовательного процесса.

🔸Родители смогут заранее определиться со школой, вовремя сдать необходимые документы и собрать школьные принадлежности.

🔸Руководство школы сможет заранее укомплектовать классы, закупить необходимое количество учебников, распределить часы, определить состав педагогов.

Подать заявление можно через egov.kz, предоставив следующие документы:

✅ заявление от родителей (или лиц, заменяющих их);

✅ копия свидетельства о рождении ребенка;

✅ документ о состоянии здоровья по форме 026/у-3 «Паспорт здоровья ребенка»;

✅ документ о состоянии здоровья по форме 063/у;

✅ две фотографии 3х4.

❗️Заявление рассматривается 1 рабочий день.
  01.03.2021
1 наурыз - Алғыс айту күніне  орай бастауыш сыныптарда "Алғыс айту - парызым!" тақырыбында   тәрбие сағаттары өткізілді. 
Мақсаты: балаларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.


24.02.2021

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл "30 қайырымдылық іс" акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары "Менің жетістігім" тақырыбында өз қолымен бұйымдар жасады.
#Тәуелсіздікке30жылАктобе

12.02.2021

    Маржанбұлақ орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Алға ауданы учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Р.Р.Абишев пен 9,11 - кластың ер балаларымен кездесу өткізілді.


 11.02.2021

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл "30 қайырымдылық іс" акциясы аясында ИЗО студия жетекшісі Д.А.Дүйісовтың ұйымдастыруымен
"Тәуелсіздік - тұғырым" атты мектепішілік сурет байқауы откізілді.
09.02.2021
Мектебімізде " Новатор" дебат клубының жетекшісі Г.Е.Оразбаеваның ұйымдастыруымен "Ғаламтордың пайдасы мен зияны" тақырыбында дебат өтті.

04.02.2021

Маржанбұлақ орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 5 -11- класс оқушыларына "Кибербуллинг дегеніміз не?" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


                                   
29.01.2021
ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл "30 қайырымдылық іс" акциясы аясында мектебіміздегі "Адалдық дүкені" тегін бетперде таратты.   

01.02.2021

Мектебіміздегі "Адал ұрпақ"клубының еріктілері зейнеткер ұстаз О.О.Тотаеваның үйіне көмек беріп, қолғабыс тигізді


25.01.2021
    

Мектебімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Дәстүр мен ғұрып" жобасы бойынша тәрбие сағаттары өткізілуде.

     

                                                                                           

15.01.2021
  Маржанбұлақ орта мектебінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жұмыс жоспары.
   
 
  06.01.2021

  Маржанбұлақ орта мектебінде "Қысқы лагерь" жоспары аясында "Таланттар әлемі" тақырыбында онлайн концерт өткізілді, және де  ылыми-техникалық" іс - шара бағыты бойынша "Пайдалы ойындар" тақырыбында онлайн мастер-тренинг өткізілді.





04.01.2021
Құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатында түнгі кезекшілік ұйымдастырылуда.






2020-2021 оқу жылындагы "Қысқы лагерь" жоспары негізінде "Спорттық" іс-шара бағыты бойынша "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Кездесуде Маржанбұлақ Қазақша күресі үйірмесінің болашақ палуандары ҚР Қазақ күресінен және Белбеу күресінен Спорт Шебері
Белбеу күресінен ҚР чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы, Азия және Әлем чемпионатының жүлдегері Әділет Шалғынбекұлымен сұхбаттасты.







2020-2021 оқу жылындағы "Қысқы лагерь" жоспары негізінде "Отбасылық" іс-шара бағыты бойынша "Біздің отбасылық жәдігерлер" онлайн-көрмесі өткізілді.



03.01.2021

Мектебімізде "Қысқы лагерь" жоспары негізінде "Отбасылық" іс-шара бағыты бойынша "Біздің отбасымыздағы жаңа жыл" онлайн фото жобасы өткізілді.


 

2020-2021 оқу жылындағы "Қысқы лагерь" жоспары негізінде "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету" іс шара бағыты бойынша оқушылармен "Қауіпсіздік негіздері" тақырыбында онлайн кездесулер өткізілді.
 

31.12.2020

Маржанбұлақ орта мектебінің жанында орналасқан ескі спорт ғимаратына "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында күрделі жөндеу жүргізіліп, құрылысы аяқталды. Жастардың патриоттық сезімдерін ояту, жас ұрпақтың жадына жастайынан өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарап, спортты серік етуге тәрбиелеу мақсатында Маржанбұлақ балалар-жасөспірімдер спорт клубы ашылды. Ашылу рәсіміне Алға ауданының білім бөлімі басшысы қызметін у. а. Утепбергенова Жанар Жумашевна қатысып, Маржанбұлақ ауылының тұрғындарын жаңа спорт зал кешенінің ашылуымен және жаңа 2021 жыл мерекесімен құттықтады.
Жобаны салуға тапсырыс беруші: "Алға аудандық білім бөлімі" ММ
Мердігер компания: "BASPANA BUILD" ЖШС
Бөлінген қаржы: 16 793.4 теңге

Алдағы уақытта осы әлеуметтік маңызы бар нысанның спорт саласының дамуына өз үлесін қосатынына, талай дарынды шәкірттер мен дарабоз тарландар түлеп ұшып, егемен еліміздің көк байрағын жеңіс тұғырына көтеріп желбірететініне сенеміз!
  
 


                                                           
  28.12.2020

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әр баланың көзіне қуаныш, жүрегіне жылулық сыйлау қашанда игі іс болып табылады. Осындай игі істердің орындалуына себепші болған "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында ауылымыздың "Нұр", "Бастау", "Береке", "Алым", "Жайна", "Аружан", "Адай 2" дүкендері мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға, үйден оқытылатын балаларға және де жетім балаларға шын жүректен жаңа жылдық сыйлықтармен бірге мерекелік көңіл-күй сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатты. Әрдайым осындай сауабы мол шараларға атсалысып жүретін аталған дүкендердегі кәсіп иелеріне мектеп ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге береке мен толағай табыс тілейміз! Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

   

 

  22.12.2020
  Маржанбұлақ орта мектебінде жоспар бойынша жауапты мамандар арасында көрсетілген мемлекеттік  қызметтер сапасын жақсарту мақсатында кезекті        отырыс өткізілді.

 
 14.12.2020
Мектебімізде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған тәрбие сағаттары жалғасуда.
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектеп кітапханашылары Г. Ажиниязова мен Г. Шабарованың ұйымдастыруымен "Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары" тақырыбында кітаптар көрмесі өтті.
        

 
 12.12.2020

16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектебімізде "Тәуелсіз елім - Қазақстаным!" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

12.12.2020

Мектебімізде оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру мақсатында "Өрт қауіпсіздігін сақтау" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
 



04.12.2020


          МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ «СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНЫҢ» (7-24-10) ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫ ХАБАРЛАНДЫРАДЫ.
Сенім телефоны – бұл кез келген адам өмірдің қиын жағдайын талқылау үшін анонимді түрде жүгіне алатын және өзінің сауалына жауап таба алатын қызмет.
«Сенім телефонының» мақсаты – отбасылық жайсыздықты, балалар мен жасөспірімдердің күйзелген және суицидальды көңіл-күйлерін алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасыны нығайтуға мүмкіндік беру.
«Сенім телефонының» жұмысы қажетті мәселелер бойынша қоңырау шалушыны ақпараттандыру, мүмкін болатын көзбе-көз кеңес және практикалық көмек үшін маманды сауатты таңдау мүмкіндіктерін береді.
Абоненттермен жұмыс телефон арқылы кеңес беру қағидаттарына сәйкес жүргізіледі:
• Құпиялылық;
• Қол жетімділік;
• Абонентке құрмет;
• Абонентті тыңдау.
«Сенім телефонының» жұмыс режимі – 8 сағат
Үзіліс уақыты сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін.
Құрметті мектеп оқушылары, ата-аналар!
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде сіздер кедергісіз сенім телефондарына хабарласа отырып, көмек алуларыңызға болады.
Сенім телефоны – бұл шұғыл психологиялық көмек көрсететін тегін анонимдік қызметі.
«111» бірыңғай call-орталығы – қоңырау шалу тегін, Қазақстан Республикасында тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны. Сізге білікті психологиялық көмек көрсетіледі.
8 (7172) 742528 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi.
8 (7132) 55-17-92-Ақтөбе облыстық білім басқармасының сенім телефоны
8 (71337) 4-39-95-Алға аудандық білім бөлімінің сенім телефоны

Жағдай туындаса – ҚОҢЫРАУ ШАЛ!!!
  
30.11.2020
  

1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне орай "Елін сүйген Елбасы" тақырыбында класс сағаттары өткізілд
 
 


1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш президент күні мерекесіне орай 8-10 - класс оқушылары арасында "Әлем таныған тұлға" тақырыбында эссе байқауы өтті

  27.11.2020

 

27.11.2020
    Маржанбұлақ орта мектебінің оқушылары Тұңғыш президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру және "Тәуелсіздіктің 7 қыры" деректі фильмін талқылау бойынша     әзірленген видеороликтермен танысты.

   
   
            17.11.2020
                                                        


    Құрметті Маржанбұлақ орта мектебінің ата-аналары!
2020 жылдың қараша айының 18 күні сағ: 15:00 - де @marzhanbulakskaia инстаграм парақшасында тікелей эфирде 1-11 сынып ата-аналарымен сұхбат өтеді!
    12.11.2020

  
Оқушыларға мамандықтарын дұрыс таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында 9-11- кластарға қашықтықтан тәрбие сағаттары өткізілді.


  02.11.2020
                 
  

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес, негізгі мақсаттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, сонымен қатар қазіргі заманғы жағдайда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасылық қатынастарды қалыптастыру және нығайту, жақсы тұлға қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты біз барлық отбасыларды келесі критерийлерге сәйкес әлеуметтік желілердегі бейнежазбаларға арналған "Парасатты отбасы" атты онлайн-байқауға қатысуға шақырамыз:
- ұзақтығы 4-5 минут;
- байқау тақырыбы бойынша бейненің мазмұны;
  - бейнежазбаның негізгі идеясының креативтілігі;
- бейнероликтің негізгі идеясын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлін ашу.
   Бейнелер Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде келесідей хэштег термен орналастырылуы керек: #parasattyotbasy04 #marzhanbulakskaia Бейнероликтерді қабылдау күні: 08 қарашаға дейін (қоса алғанда).
Қазылар алқасының шешімі: 11 қарашаға дейін(қоса алғанда).
1 ші орын - теледидар
2 ші орын - шаңсорғыш
3 ші орын – мультиқайнатқыш
Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалғандар арасынан
«Үздік оқырман отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Дәстүрге берік отбасы» номинациялары бойынша отбасылар таңдалып, алғыс хаттармен марапатталады.





25.10.2020

"Күз ғажайыптары" атты онлайн қол өнер байқауының женімпаздары:



  24.10.2020
"Күз Ханшайымы 2020" женімпаздары:
 

  21.10.2020
   "Күз Ханшайымы 2020" қатысушылары:
            
      

 


 

    19.11.2020      
 



Мектепшілік 1-10 сыныптар арасында 🛑 Күзгі Ханшайым -2020🛑атты фото байқауы өтетін хабарлаймыз 🗣️ Байқау шарттары; 🩸Әр сыныптан 2 окушыдан қатыса алады. 🩸 Байқау ❤️лайк жинау арқылы бағаланады. 🩸Қол жетімді заттардан жасалған киім үлгісі (пакет,газет,әр түрлі түсті қағаздар т.б) 🩸 Байқауға қатысқан окушы өзінің киім үлгісі мен ерекшелену керек. 🩸Қатысушылар фотоларыныз 19.10-23.10.20 сағат 18:00 ге дейін қабылданады 🩸 Ұйымдастырушы:мектеп тәлімгері Жасақбаева І.А
Күз айы өзіне тән сұлулығымен таңдай қақтырады. Ол өзге жыл маусымдарына ұқсамайды. Күз мезгілінің тіршілікке берер пайдасын, табиғат сұлулығын сезе білу мақсатында 1-8 сынып оқушылары арасында "Күзгі ғажайыптар" атты қолөнер көрме байқауы өткізілмек. Байқау шарты: Күздік өнімдерден, жемістер мен көкөністерден әр түрлі композиция жасау. "Ең үздік" деп танылған қолөнер жұмысы марапатталады! Байқауға қатыс, Сәттілік 💁‍♀️👍 Ұйымдастырушы: мектеп тәлімгері Жасақбаева І.А   


 
Әлеуметтік педагог А.Калдыбаеваның ұйымдастыруымен 15 қазан күні бастауыш сынып оқушыларының арасында "Сен өз құқығыңды білесің бе?" атты сауалнама өткізілді. Және де мектеп психологі М.Әмиданованың ұйымдастыруымен Халықаралық қыздар күніне орай "Қыз бала тәрбиесі - баршаға ортақ" тақырыбында шара өткізіліп, оған 8,9,10,11- кластың қыз балалары қатысты.

02.11.2020
                                                          
 

 Құрметті ұстаздар!«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деген ұлы Абайбабамыз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап - терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен барша ұстаздар қауымын құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!💐💐💐

28.09.2020


23.09.2020


 01.09.2020

      Баршаңызды 1 қыркүйек- білім күні мерекесімен, 2020-2021 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында ұстаздарға шығармашылық табыс, оқушыларға терең білім мен ізденіс, баршаңызға жақсы көңіл-күй мен зор денсаулық тілейміз!Елімізді алаңдатқан індетке мойымай, сабыр сақтап, жауапкершілікпен орындалатын жаңа бастамаларға сәттілік тілейміз!


 



 
  17.04.2020

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы   08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін.

2. Төтенше жағдайдың кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және оған «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктер берілсін.

3. Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде мынадай шаралар және уақытша шектеулер енгізілсін:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және  ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

2) ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын;

3) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұрсын;

4) карантин енгізсін, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырсын;

5) ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын;

6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін.

4. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін;

2) медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін;

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

 

         

      
      
    
      
     
 22.02.2020
 Мектемізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Әр өлеңі-бір әлем!" атты әдеби кеш өтті.

                                                  




21.02.2020
 Түркістан қаласында өткен "Балдәурен-Түркістан" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының "Біз ұлы дала ұрпақтары!" атты жас патриоттардың кездесуіне мектебіміздің 9"А"-класс оқушысы Ідірісова Ақерке қатысып келді.
  
              

 20.02.2020
 Мектебімізде Адалдық алаңының жұмысы аясында "Адал бол!" парақшалары таратылды.
                           
                                          

15.02.2020
 №3 Алға қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай өткізілген волейболдан аудандық турнирде мектебіміздің оқушылары ІІ орынды еншіледі. Жетекшісі: Бисенбайұлы Әбілхайыр

                                           


12.02.2020
 Мектебімізде 12 ақпан күні "Жастар-жемқорлықсыз болашақтың негізі"  атты пікір сайыс өтті.

                                            


31.01.2020
 Мектебімізде 2020 жылдың 20-29 қаңтар аралығында "Нақты ғылым-дүние кілті бүгінде..."атты математика, информатика, физика апталығы өтті.

   
                          


27.01.2020
 Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты мектебімізде өткен "Жүректің көзі ашылса..." атты ақпарат сағатында мектеп кітапханашысы Г.Шабарова мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласымен таныстырды.

                          

27.01.2020
 2020 жыл "Еріктілер жылы" болып қабылдануы негізінде мектебімізде "Ұландар" еріктілер тобы құрылды. Ерікті қызметте 9-класс оқушылары белсенділік танытып,зейнеткер ұстаздарға қолғабыс тигізді.Аула ішін қардан тазалаған оқушыларға зейнеткер ұстаздар ризашылықтарын білдіріп, мектеп ұжымына алғыс айтты.
 
                             


22.01.2020
 Алға аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес биология пәні мұғалімдеріне арналған "Үздік биология пәні мұғалімі-2020" байқауы өтті.Нәтижесінде мектебіміздің биололгия пәні мүғалімі НИЯЗОВА ЖАНАР САГЕНОВНА ІІІ орын иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    

06.01.2020
 Мектебімізде оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру мақсатында "Қысқы мүсін-2020" байқауы өткізілді.

    
          

23.12.2019
 Мектебіміздің кітапханашылары Г.Ажиниязова және Г.Шабарованың ұйымдастыруымен 5-10 кластар арасында өткен "ФАРИЗА-ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ" атты мәнерлеп оқу сайысында 10"А" класс оқушысы  Н.Алымова мен 6"Ә" класс оқушысы Д.Ерғайырова І орын, 7"Г" және"Ә" оқушылары Д.Калдыгарин мен Г.Қайыржанова ІІ орын, Ә.Шампон мен Ә.Есболған ІІІ орын иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 

  


12.12.2019
 Мектебімізде  16 желтоқсан Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күні қарсаңында оқушыларды бірыңғай "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауға арналған "Біз тәуелсіз елдің ұланымыз!" атты салтанатты жиын өтті.

    

 01.12.2019
  Мектебімізде  Тұңғыш Президент күніне орай  бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен "Елін сүйген Елбасы" тақырыбында мерекелік концерт өтті.

                           


29.11.2019
 МАРЖАНБҰЛАҚ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНДЕ АЛҒАШҚЫ ПАЛУАН мектебіміздің 7 "Ә" -класс оқушысы Умербаев Темірлан қазақ күресі бойынша Қазақстан Республикасының "СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР" атағын жеңіп алды.Осы жолда адал еңбек етіп,балғын күрескерді шыңдап жүрген мектебіміздің "Қазақша күрес" үйірмесінің жетекшісі Айтқали Әділбекке алғысымызды білдіреміз!

  
 

                                  

21.11.2019
Мектебімізде гуманитарлық пәндер апталығы аясында қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай "Ұлы халықтың ұлы Абайы" атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
          
                                 




13.11.2019
  Мектебіміздің аға тәлімгері Р.К.Дуюсованың ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 6-7 кластар арасында "Сен Абайды білесің бе?" атты интеллектуалды сайыс өтті.Нәтижесінде 7 "Ә"-класс оқушылары жеңіске жетті.
               
                                 



06.11.2019
  Өскелең үрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектебімізде "Адалдық сағаты" өтті.

 
  
 
  

29.10.2019
 Мектебімізде оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру  мақсатында 5-7 класс оқушылары мен ата-аналары арасында "Әкем, шешем және мен" атты спорттық жарыс өткізілді.Жарыста Дүзелбаевтар отбасы жеңіске жетті.Құттықтаймыз!

   

26.10.2019
 Көркем еңбек, дене шынықтыру, музыка пәндері апталығының жоспарына сәйкес бастауыш сыныптар арасында "Күз-береке, күз-мереке" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

             
             

25.10.2019
 Мектебімізде 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында педагогикалық консилиум өткізілді.Консилиумды мектеп психологы М.Ж.Әмиданова жүргізді.Консилиумға  мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог, медбике, 1-сынып жетекшілері мен сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.

                                           


14.10.2019
Балалардың орта біліммен толық қамтылуына қамқорлық жасауға себеп болатын респубкалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында мектебіміздің аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім балалармен ата-анасының қорғансыз қалған оқушыларға көмек көрсету мақсатында ауыл кәсіпкерлеріне,ауылдық әкімшілікке, балабақша мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияға қатынас хаттар таратылып, дүкендер мен аялдама қабырғаларына хабарландырулар ілінді. Нәтижесінде, жалпы  алғанда  "Мектепке жол" акциясы аясында 27 оқушыға 260 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
                               
                                        


05.10.2019
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" демекші, үлкен өмірге жол сілтеген жандарға құрмет қашанда жоғары.Осы зиялы Ұстаздар қауымын кәсіби  мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке қарсаңында мектебіміздің 11-класс оқушылары ұстаздарға арнап "Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік" атты мерекелік кеш сыйлады.

  



03.10.2019
Мектебіміздің география пәні мұғалімі Р.С.Есжанова және 11-класс оқушысы А.Ғ.Хибадуллина "Туған өлкеге қосқан үлесім" тақырыбындағы облыстық акциясының "Үздік өлке экологиясы" номинациясы бойынша  өзіндік зерттеуге  қатысып үлес қосқаны үшін "Өрлеу! біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мақтау қағаздарымен марапатталса, Р.С.Есжанова ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының сертификатын иеленді.  

    
01.10.2019
1 қазан-Қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде "Ұстаздарды ардақтайық!" тақырыбында мерекелік кеш қойылып,ардагер-ұстаздар құрметіне мерекелік дастархан жайылды.Мерекелік кеште Ақтөбе қаласының өнерпаздары өнер көрсетті.
Ардагер-ұстаздар алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді. 
                                        
                                             
28.09.2019
Мектебіміздің 9-10-класс оқушылары 1 қазан -Қарттар күні мерекесіне орай көмекке мұқтаж қариялардың үйлеріне барып қолғабыс тигізді.Қариялар алғыс айтып,ризашылықтарын білдірді.
  
26.09.2019 
Мектебімізде "Адал жол-честный путь" атты марафон-эстафетасының аясында адалдық, парасаттылық қасиеттерді дәріптеу мақсатында жас мамандармен бірлескен "Адалдық-асыл қасиет" тақырыбында дөңгелек үстел өтті .
                              
                               



22.09.2019

Мектебімізде 22 қыркүйек-Халықаралық тілдер күніне арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.
                     
                                 
 18.09.2019
Мектебімізде ата-аналарға "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасының мақсаты және міндеттерімен таныстыра отырып, парасаттылық,адалдақ,адамгершілік қасиеттерді дәріптеу мақсатында "Аялы алақан" семинар-тренингі  өтті.   

    
18.09.2019
"Қобыланды батыр" жырын жатқа айтудан "Qazaq Epos" республикалық ағарту жобасының "Тұлпар мініп,ту алған!" байқауында мектебіміздің 9 "Ә" класс оқушысы НҰРАШЕВА АҚЖҮНІС ІІІ орын  және "Qazaq Epos" қоғамдық қорының сертификаты (50000 теңге) иеленді.Жетекшісі: УЛИКОВА АЙГУЛ БЕРДИГАЛИЕВНА. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

     



  16.09.2019
   Мектебіміздің балуандары Атырау қаласындағы "Жастар жылы" аясындағы 2008-2009 ж.т жасөспірімдер арасында өткен қазақ күресінен жеңімпаз болып оралды. Атап айтсақ: І орын-Досым Диас,ІІ орын Жаманбай Ернұр, ІІІ орын- Ыбырай Елжас, ІІІ орын Досым Абдурахман, ІІІ орын-Шикалов Азат, ІІІ орын -Жастлеков Азат, ІІІ орын Исенбай Нияз, 

   












16.09.2019
    Мектебімізде Денсаулық фестивалі өтті.
                    
                                             













02.09.2019
Маржанбұлақ орта мектебінде "Адалдық сағаты" сабақтары өтті.

   




















01.09.2019
Маржанбұлақ орта мектебінде 1-ҚЫРКҮЙЕК-БІЛІМ КҮНІНЕ орай мерекелік жиын өтті.Жиында мектеп басшысы Т.Алдияр, ауыл әкәмі Ж.Шабарова , Алға аудандық "Нұр Отан" партиясының орынбасары М.Жалғасбаев, ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Теелағыс оқушылар мен ұстаздарды құттықтап ,ізгі тілектерін білдірді.Жиын 1-класқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндердің дайындаған ән-шашуымен жалғасты.
   
























30.08.2019
На праздничной вечеринке, посвященной 30-августа-Конституции, учитель истории А.А.Тотаева прочитала доклад на тему "Конституция-залог нашего будущего", а конец прошел в праздничный вечер. 



    

























16.06.2019
 Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бисенұлы Темірханды еске алуға арналған 2006-2007 ж.т жасөспірімдер арасында қазақ күресінен І Ашық Республикалық турнирінде мектебіміздің 32 кг салмақтағы палуаны Умербаев Темірлан ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы: Айтқали Әділбек.

                                                  

14.06.2019
Мектебімізде 2018-2019 оқу жылының түлектеріне аттестаттар табысталды,оның ішінде 3 оқушы-Нұрмағамбет Жаннұр, Отарова Нұрайлым, Қармысова Диляра "Алтын белгі" иегері атанса,4 оқушы Ғабиденқызы Еркеназ, Биктасова Бота, Табылды Нұршат,Мұратова Нұржамал "Қызыл аттестат" иеленді.Түлектерімізді құттықтай отырып, өмір жолдарына сәттілік тілейміз.
  
                                                  

05.06.2019
1-12-маусым -"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпапраттық науқанына байланысты 6 маусым күні мектеп жанындағы "Шаттық" алаңында "Шынықсаң,шымыр боларсың" атты эстафеталық ойын,"Спорт-менің серігім" атты танымдық сабақ пен ермексаз сабағы өткізілді.Және де осы акция аясында "Тәртіп сақшылары" түнгі кезекшілікке шығуда, нәтижесінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.

   


03.06.2019
Елімізде жыл сайын жазғы демалыс қарсаңында өткізілетін "Бала еңбегін қанауға 12 күн" науқан аясында "Еңбектен бос балалық шақ" ұранымен мектебіміздің оқушылары "Шаттық" жазғы демалыс алаңында бос уақыттарын тиімді өткізуде.Балалардың салауатты өмір салтын сақтай отырып, танымдарын кеңейтуге бағытталған іс-шаралармен бірге ата-аналардың демеушілігімен тамақпен қамту ұйымдастырылған.

  


02.06.2019
Би өнері халықтық тіршілік-тынысын ,салт-дәстүрін айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде.Осы өнерді дамытып жүрген мектебіміздегі "Алтын-ай" би ансамблінің жетекшісі Аңсатова Жансұлу Жұбаназарқызы ауылдық мәдениет үйінде "Ұлттық биім -елге сыйым" атты шығармашылық концертін өткізді.Концерт өте жоғары деңгейде өтіп,көрермендер ізгі тілектерін жаудырып, керемет көңіл-күйде тарасты.

         

       
01.06.2019
1-маусым Халықаралық баларды қорғау күніне орай мектептегі ерекеше оқытуды қажет ететін 5 оқушыға ақшалай сыйлықтар берілді.Атап айтсақ, "Нұр -Әлім" мейрамханасының иесі Уразбаева Айша үйден оқитын оқушыларға 20 000 теңгеден және қамқорлықтағы балаларға 20 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар табыстады."Аружан" дүкенінің иесі 5000 теңге табыстап, мерекеге келген барлық балаларға тәттілер мен сусындар үлестірді."Колос" дүкенінің иесі Стех Алла Георгиевна балалрға тегін балмұздақ таратты.Ата-ана Аққошқаров Тұрлан  мүмкіндігі шектеулі 5 оқушыға 20 000 теңге табыстады.Сонымен қоса мектеп ұжымы балаларға тегін балмұздақ үлестірді.

  
01.06.2019
1-маусым- Халықаралық балалар күніне орай мектебімізде балалар шеруі мен "Бала-өмірдің мәні" атты мерекелік кеш өткізілді. Мереке барысында балаларға тамаша көңіл-күй сыйлауға ниет білдірген азаматтар мен мекеме өкілдері тәтті шырындар , балмұздақтар тарту етті. 

   
25.05.2019
Мектебімізде 2018-2019 оқу жылы түлектерінің "Сыңғырла,соңғы қоңырау!" атты мерекелік кеші өтті.Түлектер алтын ұя-мектебі мен ұстаздарына ән мен биден шашу шашты.Мектеп бітіруші түлектер арасында 3 Алтын белгі, 4 Үздік аттестатқа үміткер және 1 мақтау  қағазымен марапатталған оқушы бар.Сонымен бірге 10 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері мектебі мен ұстаздарына алғыстары мен жылы лебіздерін білдіре отырып, өздерінің оқып-бітірген тарих кабинетін жабдықтау үшін ақшалай сертификат табыстады.Түлектерімізге алдағы өмірлеріне сәттілік тілейміз! 
                 
                   
                                                       
                                                              

24.05.2019
Мектебімізде 2018-2019 оқу жылының аяқталуына байланысты 1-7-кластар арасында "Соңғы қоңырау" мерекесі өтті.Мереке барысында үздік оқушылар марапатталды.

                     


24.05.2019
Алға ауданында "Жастар жылы" "Ақтөбе қаласының 150 жылдығына" орай ұйымдастырылған  "Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі" атты облыстық тіл фестивалі аясында облыстық "Жазба ақындар" атты мүшәйра өтті.Нәтижесінде мектебіміздің ағылшын тілі пән мұғалімі Бітімбаева Динара ІІІ ОРЫН иеленді. 

   


21.05.2019
Мектебіміздің 7-класс оқушылары "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығына экскурсия жасады.Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай "150 жылдыққа 150 экскурсия" құрамына енді. 
 
   



20.05.2019
Атырау  қаласында өткен "Новое поколение" атты облыстық турнирде мектебіміздің "Кенкушинкай" каратэ до-дан жүлделі орындарды еншіледі. Шүренбаев Саят, Калдыгарин Диас, Қайрат Даулет І орын, Ещанова Наргиз ІІ орын. Жетекшісі:Боспанов Мұратбек

   


19.05.2019
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы үйінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай хореграфия жанры бойынша би конкурсы өтті, нәтижесінде мектебіміздің "Алтынай-Ай" би ансамблі "Бипыл" биімен І орын, "Көктем гүлі" биімен ІІ орын, "Қуыршақтар" биімен ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Аңсатова Жансұлу 

  


18.05.2019
Алға аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Үздік информатика пән мұғалімі - 2019" аудандық байқауы өтті, нәтижесінде мектебіміздің информатика пән мұғалімі Бекмұханбетова Айнұр ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
                                                                     
                                                                               


17.05.2019
Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мектеп оқушылары арсында "Қайратты туған ер еді.." қазақ халқының батырлық эпосын насихаттау мақсатында жыршылар байқауын ұйымдастырды,нәтижесінде мектебіміздің 8-класс оқушысы Нұрашова Ақжүніс БАС ЖҮЛДЕ иеленді.Жетекшісі: Уликова Айгүл Бердіғалиқызы.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
                                                             
                                                                  

14.05.2019
Бізде ЭКСКУРСИЯ!!!Рухани жаңғыру!!Мектебіміздің 3-7 класс оқушыларымен бірге Ұлы даланың жеті қыры аясында "Аңызға толы киелі Түркістан" атты үш күндік тарихи-танымдық экскурсиялық саяхат басталды."Би-Нұр" турситік компаниясының ұйымдастырушысы Назаров Темірхан жетекшілік жасап, оқушыларға тарихи мағұлматтар берді.Арыстан баб кесенесіне зиярат етуден бастады.
Экскурсия жетекшілері: Набиева Қарылға- педагог-үйымдастырушы, Дуюсова Рита- мектеп тәлімгері.
    
          
         


09.05.2019
Мектеп ұжымы мен оқушылары 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай салтанатты шеруге шығып,Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ардагерлерді еске алып, гүл шоқтарын қойды.   

 
                   

     
     




06.05.2019
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде ашық тәрбие сағаттары өтті.
    
04.05.2019
Алға аудандық ББ-нің ұйымдастыруымен өткен "География пәнінің үздік мұғалімі-2019" байқауында мектебіміздің география пәні мұғалімі  Есжанова Роза Сағынышқызы І орын иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
  

04.05.2019
"Ақтөбе облысының дене шынықтыру мен спорт басқармасы" ММ-нің ұйымдастыруымен 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне арналған  қазақ күресінде 35 кг салмақ дәрежесінде  мектебіміздің 6 класс оқушысы Умербаев Темирлан І орын алды.Жетекшісі: Айтқали Әділбек

 

     


30.04.2019
 "Аққу-2019" Халықаралық би күніне арналған би байқауында мектебіміздің "Алтын-ай" би ансамблі "Бипыл" биімен І орын,"Көктем гүлі" биімен ІІ орын иеленді.
  
 
       


30.04.2019
1-мамыр -Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бастауыш сыныптардың ұйымдастыруымен "Қазақстан - достық мекені" тақырыбында мерекелік кеш өтті.

        

         
 
28.04.2019
Мектебіміздің "Кекушинкай каратэ" үйірмесі балалар арасындағы қалалық чемпионатқа қатысып,жүлделі орындарға ие болды.І ОРЫН Күшмұханбетов Қайсар,Серіков Жандос,Сагиев Абзал; ІІ ОРЫН Тлегенов Жасұлан,Валювач Полина,Табылды Данияр,Калдыгарина Даяна; ІІІ ОРЫН Рауш Алтынай,Сагиев Аскер,Троян Арсений.Жетекшісі:БОСПАНОВ МҰРАТБЕК
  
 
27.04.2019
Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған  "Би-көктем" І Республикалық фестиваль-байқауында мектебіміздің "Алтын-ай" би ансамблінің "Қуыршақтар" биі мен "Көктем гүлі" биі БАС ЖҮЛДЕ иеленсе,"Бипыл" биі І орын алды.Би жетекшісі: Аңсатова Жансұлу Жұбаназарқызы
    
   

    


22.04.-26.04.2019
Мектебімізде "Табиғат - тал бесіктен" тақырыбында жаратылыстану пәндерінің апталығы өтті."Химия тұрмыста","Миллион кімге бұйырады?", "Қызықты тәжірибелер", "Үздік географ" 
    
          

Дене шынықтыру сабағында челлендж және мектебіміздің "Алтынай" би үйірмесі
    
                             
                           

  26.04.2019
 Мектеп асханасында "Адалдық дүкенінде" өзіне- өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша санитарлық талаптарға сәйкес рұсат етілген тағамдар сатылды.

 



25.04.2019
"Адалдық алаңы" жобасы аясында "Болашаққа адал жол" тақырыбында флеш-моб өткізілді.

   



25.04.2019
28-сәуір "Дүниежүзілік еңбекті қорғау" күніне орай мектеп ауласына 40-жуыққа ағаш түптері отырғызылды.

    


 21.04.2019
Мектебіміздің 11-класс оқушысы Табылды Нұршат Ақтау қаласында Жастар жылына орай ұйымдастырылған "YESSENOV" олимпиадасынан физика пәні бойынша ІІ орын иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
                           
                                    
               
   
 20.04.2019
  Мектебіміздің7"А"классоқушылары"Өлкетану"танымдымұражайынаэкскурсия жасады.
 
                            

  18.04.2019
  Мектебімізде оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік     беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру мақсатында "Балаға бала жастан бастап   қауіпсіз интернет қажет" тақырыбында мектепішілік іс-шаралар өткізіліп,ата-аналармен,мұғалімдерге   қауіпсіз интернет туралы мағұлмат берілді.
                   
             
              
  

 17.04.2019
  Алға аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен 5-6- класс ақушыларының арасында өткен "I am a talent"       байқауында мектебіміздің 5-класс оқушылары "Snow white and the seven gnomes" ертегісінің желісімен   қойылым көрсетіп ІІІ орын иеленді.

                      
                           
                                          


13.04.2019
Алға мектеп гимназиясында "Үздік орыс тілі пәні мұғалімі-2019" аудандық байқауы өтті.Нәтижесінде мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ольга Веремчук ІІ орын иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
                               
                                                    

13.04.2019
Мектебімізде Қазақ күресінен алғаш рет турнир өтті.Турнирге 200-ге жуық палуандар қатысып,бақтарын сынады.

        
   

12.04.2019
Мектебімізде 7-11 класс аралығындв "ЕКІ ЖҰЛДЫЗ" байқауы өтті.
  
     
   
   
08.04.2019
Мектебімізде 08.04-12.04 аралығында технология,музыка,бейнелеу өнері және дене шынықтыру апталығы өтті.Апталық аясында спорттық эстафеталар,музыкалық кештер,қолөнер көрмелері ұйымдастырылды.
  
  

  10.04.2019
Мектебімізде "Жас актер" үйірмесі "Күлкі- жанның шипасы" атты қойылым көрсетті.

       

10.04.2019
Мектебімізде 8-10 кластар арасында "Адалдық асыл қасиет" атты тренинг өтті.

                                         

07.04.2019
Нұр-Сұлтан қаласында 6-сәуір күні "Qadam art Astana" ұйымдастырумен өткен Халықаралық "Nur-Sultan musik festival" конкурсына мектебіміздің "АЛТЫН-АЙ" би үйірмесі қатысты.Нәтижесінде "Орыс халқының биі"- ІІ орын,"Қазақ халқының биі" мен "Қуыршақтар" биі ІІІ орын иеленді.Жетекшісі: Аңсатова Жансұлу Жұбаназарқызы құттықтаймыз!

                    

    
01.04.2019
Оқушылардың көктемгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 8-9-кластың қыз балалары Ақтөбе қаласындағы "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығына экскурсия жасады.

                

06.04.2019
Мектебімізде 8-9 кластар арасында "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасы аясында "Саналы ұрпақ" тақырыбында дәріс сабақтары өтті. 
                                                                     
21.03.2019
Мектеп ұжымының ұйымдастырумен "Қош келдің,әз Наурыз!" атты мерекелік концерт өтті.Концерттен кейін көжеден дәм татып,ұлттық ойындарды тамашалады.

    
                                                      
  20.03.2019
Мектебімізде Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаттары өтті.

              

07.03.2019
8-наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектеп ұжымы ауылдық мәдениет үйінде "ШЫН ЖҮРЕКТЕН!" атты мерекелік концерт өткізіп, ардагер ұстаз аналарға гүл шоқтарын тарту етті. 

      

04.03.2019
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театрында ұйымдастырылған "Мейірім жан шуағы" атты қайырымдылық концертінде мектебіміздің "Алтынай" би үйірмесі өз өнерлерін көрсетті.

                                               
01.03.2019
Мектебімізде өзін-өзі тану мұғалімі Л.К.Абдрахманованың ұйымдастыруымен "Шын жүректен мың алғыс" атты мерекелік концерт өткізілді.

             
01.03.2019
Мектемізде кітапханашылар Г.Ажиниязова мен Г.Шабарованың ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар,рухани жаңғыру" жолдары аясында "100 жаңа оқулық" көрмесі өткізілді.

     

18.02.2019
Мектебімізде "Білім негізі-бастауышта" атты сынып бірлестігінің онкүндігі басталды.
 
  

16.02.2019
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты ақиық ақын Мұқағали оқулары өтті.

                                             
14.02.2019
Мектебімізде ауған соғысының ардагері НҰРМАҒАНБЕТОВ БАУЫРЖАН ИЗБАСҚАНҰЛЫмен "Ауғанның от жалыны" тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. 

   

13.02.2019
Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу барысында  ауылымыздың учаскелік инспекторы Қ.А.Қуатбаев пен мектеп мұғалімдерінен құрылған кезекшілер тобы ТҮНГІ РЕЙД ұйымдастыруда,ешқандай тәртіпбұзушылық тіркеліп жатқан жоқ.

                                                           
06.02.2019
1-12 ақпан аралығында мектебімізде "Өзін-өзі тану.Махаббат пен шығармашылық педпгогикасы" атты онкүндік өтуде."Сүйіспеншілік-барлығының бастауы" атты 11-сынып ата-аналарымен бірге сыныптан тыс шара өткізілді.
     
     
02.02.2019
Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы мен "Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілген ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға арналған І облыстық пәндік олимпиадасында мектебіміздің 4-класс оқушысы БАЗАРБАЙ МИРАС ІІ орын иеленді.Құттықтаймыз!

      
24.01.2019
Мектебімізде 12-18 қаңтар аралығында "Жастар-мәңгілік ел болашағы" атты информатика,математика,физика пәндерінің апталығы ұйымдастырылды.

   
06.01.2019
Мектеп оқушыларының қысқы каникул уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Келіңдер.сырғанақ тебейік!" ұранымен бастауыш класс оқушылары шанамен сырғанап,қыс қызығына бөленді.

          

05.01.2019
Темір ауданы Шұбарши кенті жастарының қолдауымен өткізілген Қазақ күресі турнирінен мектебіміздің палуаны УМЕРБАЕВ ТЕМІРЛАН 35 кг салмақта қола жүлдені қанжығасына байлады.Жаттықтырушысы: АЙТҚАЛИ ӘДІЛБЕК

      

31.12.2018
Мектеп ұжымы ауыл тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап,мерекелік көңіл-күй сыйлады.Барша қазақ елін Жаңа 2019 жылымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
   
   
  
29.12.2018
Алға ауданы әкімінің шыршасында мектебіміздің "Алтынай" би ансамблі өз өнерлерін көрсетті.Жетекшісі -Аңсатова Жансұлу Жұбаназарқызы
  
28.12.2018
Бастауыш сыныптарымен және 5-7 кластар арасында Жаңа жыл мерекесі тойланып,оқушылар өз өнерлерімен көрермендерді қуантты.

   
15.12.2019
16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектебімізде "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік салтанатты концерт өтті.
                                   

15-желтоқсан-Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында технология пәні Н.Темербаева мен Р.Хасанова "Тәуелсіздік -ел бақыты"
тақырыбы аясында оқушылардың қол өнер бұйымдарын көрмеге қойды.
        

16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мектеп кітапханашысы Г.Шабарова "Тәуелсіздік -ел бақыты" тақырыбында танымдық көрме ұйымдастырып,1-класс оқушыларына таныстырды.
                                       
01.12.2018
"1-желтоқсан-Тұңғыш Президент" күніне орай ауылдық мәдениет үйінде мектеп ұжымы ауыл тұрғындарына арналған салтанатты мерекелік кеш өткізді.
 
     
"1-желтоқсан-Тұңғыш Президент" күніне орай кітапханашы Г.Ж.Шабарова елбасы өміріне библографиялық шолу жасап,көрме ұйымдастырды.
                                             
26.11.2018
"Жас Ұлан-2018" арнайы жобасы мектепшілік ашық аудандақ жайдарман ойынында ұшқыр әзілдерімен белсенділік танытқан "Формат" құрамасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.Құттықтаймыз!
                                              
31.10.2018
Мектебімізде "Алтын күз-2018" сайысы өткізілді.Оқушылар өз өнерлерімен және шығармашылық қабілеттерімен тәнті етті.
                                               
29.10.2018
"Жас актер" үйірмесінің жоспарына сәйкес М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізді.Жетекшісі Шампон Ә.Т
                                               



                                                     



s