Мектебімізде 25 қазан- Республика күніне орай “Біз біргеміз бәріміз” атты сынып жетекші,оқушы, ата-ана арасында спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Аталған іс- шара өскелең ұрпқтың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы тығыз байланысты дамыту деңгейін жоғарылату мақсатында өткізілді. Сайыс түрлі көңілді эстафеталарға толы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша “Болашақ” тобы 8а сынып- 1 орынды жеңіп алды. Жеңімпаз аталған барлық отбасылар алғыс хатпен және ауыспалы кубокпен марапатталды.




