«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушылардың арасында дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу жұмысы бойынша 2“А” сынып оқушыларына “Пайдалы көкөністер” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың дұрыс тамақтануы, көкөністер, жеміс-жидектер және басқа да пайдалы өнімдерді пайдалану қажеттіліктері туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту.
Оқушылардың арасында дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу жұмысы бойынша 5 “Б” сынып оқушыларына “Тамақтану мәдениеті” тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты: Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру. Тамақтану мәдениеті туралы оқушыларға түсінік беру.

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





