Оқушылардың арасында дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу жұмысы бойынша 9 “А” сынып оқушыларына “Дұрыс тамақтанбаудың кері әсері” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға дұрыс тамақтанбаудың денсаулыққа әсері туралы түсінік беру, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы және өмірлік салдарына байланысты сауатты шешімдер қабылдау қабілеттерін дамыту.
Өткізген: 9 “А” сынып жетекшісі Г.Айдынова




