«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев озық дамыған мемлекет құру өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екендігіне тоқталып, оларды тәрбиелеуге ерекше назар аудару міндетін қойды. Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын:
1. тәуелсіздік және отаншылдық;
2. бірлік және ынтымақ;
3. әділдік және жауапкершілік;
4. заң және тәртіп;
5. еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
6. жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын саралап, бала тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады.
Сондықтан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы #біртұтастәрбиеақтөбе2024
https://www.instagram.com/p/C_Yoq0TseTj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
28.08.2024 ж “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жаңарту” тақырыбында сынып жетекшілер отырысы өтті. Жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстар нақтыланып, жетекшілерге алға қойылған мақсат - міндеттер негізінде жүргізілетін жұмыстар тапсырылды.
https://www.instagram.com/reel/C_NFwonsIOF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27.08.2024ж “DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ” “Білім берудегі цифрлық инновациялар және біртұтас тәрбие” тақырыбында 2024 - 2025 оқу жылының № 1 педагогикалық кеңесі өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. “Орта білім беру ұйымдарында 2024 - 2025 оқу жылының басталуы туралы” бұйрықпен таныстыру. Мектеп директоры: Т.Алдияров
2. 2024 - 2025 жаңа оқу жылының жұмыс және оқу - тәрбие жоспарлары, мақсаты мен міндеттері туралы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Г.Аяпбергенова.
3. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жаңарту” Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Г.Жусупова,Г.Қазиева
https://www.instagram.com/reel/C_NE5I4MIyF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығымен регламенттелген. 2024-2025 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.
2. Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
3. Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын бекітуді білім беру ұйымдары мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды. Жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
4. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.
5. Мектеп формасына қосуға рұқсат етілмейді және киюге тыйым салынады:
- жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар;
-түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтері.
6. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.
7. Білім алушылар белгіленген мектеп формасын сақтауға, ал ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.
https://www.instagram.com/p/C937MA1oTjG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C-aqGgUMMQK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C937WjeoT1K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Маржанбұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі