Білім беру ұйымы туралы ақпарат

Жалпы білім беру мекемесі туралы ақпараттар

 Оқу кабинеттерінің жабдықталуы туралы мәліметтері 

Мектептік жалпыға беру міндетті білім стандартын орындау үшін мектептің материалды техникалық базасы осы талапқа сай жабдықталған. 2018-2019 оқу жылында мектебімізде ІІ қабатта 11 кабинет жұмыс жасайды. І қабатта 7 бастауыш кабинет орналасқан. ІІ қабатта 1 мультимедия кабинеті, ІІ қабатта 1 компьютер кабинеті, 1 қазақ тілі, 1 физика, 1 биология кабинеттері стандартқа сәйкес жабдықталған.

                Мектепте 7 интерактивті тақта, 1 мультимедиялық кабинет бар, мультимедиялық кабинетте 16 ноутбук, 1 интерактивті тақта орналасқан. Информатика, биология, химия кабинеттері интерактивті тақта және техникалық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.

           

            Мектептегі спортзалының  көлемі – 230 ш.м құрайды. Спорттық құралдар: 1 тенис столы, волейбол, баскетбол сеткалары, доптары, 15 шаңғы, канаты,  зіл темір құралдары, 2 дана гантель бар. Биология, химия және физика кабинеттерінде пәндік лабораториялар бар. Физика, химия және мультимедия кабинеттерінде мүлік құралдарды сақтап жазып беріп, олармен жұмысты ұйымдастыру үшін лаборант бекітілген. Кабинет құжаттары рәсімделіп, жауапты мұғалімге бекітілген. Оқу кабинеттеріне тақта, оқушылар парталары санитарлық талаптарға сай орнатылған. Технология пәні бойынша қыз балаларға арналған тігін шеберханасы және ер балаларға арналған еңбек кабинеті жұмыс жасайды. Шеберханада – 1 ағаш өңдейтін СТД-120 станогы, 2 токарь станогы, 1 бұрғы станогы, 1 жону станогы, 1 қайрау станогы, 2 механикалық қаңылтыр өңдеу станогы, сонымен қатар 16 металл өңдеу жұмыс орны орналасқан. 

                Типтік үлгідегі асхана жұмыс жасайды. Асхана көлемі 80,8 ш.м. Асхана Алға қаржы бөлімінің шешімімен ыстық тамақ ұйымдастыру мақсатында жалға берілген. Мектептегі мед. кабинет саны – 1. Мед. кабинет көлемі 15ш.м. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін шеберхана, физика, информатика, химия, биология кабинеттерінде оқулықтар үшін арнаулы стенд безендірілген, оқушылар қауіпсіздік ережесімен таныстырылған.

              Оқу- тәрбие үрдісін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сай жүргізу үшін мектептің материалдық-техникалық базасы негізгі 3 сатысы және мектепалды дайындық тобы үшін жабдықталған. Кабинеттер техникалық-қауіпсіздік ережесінің өрттен қорғау ережелерін сақтау негізінде жабдықталған. Әр кабинет, мектеп залдары санитарлық нормаға сай жарықталған. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

            Мектептің барлық жиһаз-мүліктері, техникалық құрал-жабдықтары инвентарлық санаудан өткізіліп тіркеуге алынған. Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы дабыл қаққыш орнатылды. Көрнекілік құралдар және дидактикалық материалдар әр оқу кабинеті мен пәндерге байланысты жабдықталған. Сонымен қатар мектептің инженерлік – техникалық және коммуникациялық жүйесі жалпы білім беретін мектепке сай.