Жалпы білім беру ұйымы туралы ақпарат

         МЕКТЕП ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

ББМ-ң толық атауы "Маржанбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ББМ-ң қысқаша атауы "Маржанбұлақ ОМ" КММ
ББМ ұйым. формасы Учреждение
Білім беру мекемесінің типі Жалпы орта білім беру ұйымдары
ББМ түрі жалпы орта білім беретін мектеп
ББМ мекенжайы Пошталық мекенжай: marzhanbulak@mail.ru
Корпус 1: 
Негізгі ғимарат: marzhanbulak@mail.ru
Лицензия Тіркелу нөмірі: KZ91LAA0011076
Бланк сериясы, нөмірі: LAA 001
Әрекет ету мерзімі: 15.02.2018 дейін -
Мемл. аккредитация туралы куәлік Куәліктің тіркелу нөмірі: 175-1904-04
Бланк сериясы, нөмірі: B 0359082
Әрекет ету мерзімі: 24.02.2015 дейін -
Басшының лауазымы Директор
Басшының аты-жөні Алдияров Табиғат Отарұлы
ББМ телефондары 5-38-08
ББМ-ң Email мекенжайы marzhanbulak@mail.ru
ББМ Веб-сайты  marjanbulak.mektep.info
Оқушылар
Барлығы 606
Дайындық білім 58
I Саты 262
II Саты 229
III Саты 57
Мұғалім
Барлығы 88
Ең жоғарғы санаттағы 4
1-санаттағы 18
Санатсыз 46
2-санаттағы 20


2018-2019 оқу жылындағы

 мектептің педагогикалық ұжымы

БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

    Мектеп ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. «Оқу мен тәрбие егіз» ұғымын өз ісінде жүзеге  асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық. Оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда. Мектептің материалдық базасын нығайтып, ғылыми негіздермен білім беретін пән кабинеттері жабдықталды. Мектебіміздегі биология, химия, физика, информатика, мультимедия кабинеттері жаңа модификациялы кабинеттер болып табылады. Сонымен бірге салауатты өмір салтын ұстану мақсатында 2 спортзалы жұмыс жасайды.  Мектептегі оқушылардың рухани дүниесін байытуға ұйытқы болып отырған кітапхана жұмысы да жақсы жолға қойылған. Онда 28 056 дана оқулық, 1 874 әдістемелік әдебиеттер, 600 дана электронды оқулық, 14 011 көркем әдебиеттер қорымен бірге «Рухани жаңғыру» бұрышы бар.  «Кітап – Рухани қазына» тақырыбында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып жатыр.

       Маржанбұлақ орта мектебінде волейбол, теннис,   футбол, тоғызқұмалақ  секциялары жұмыс жасайды және «Жас актер», «Бабадан қалған бар байлық» үйірмесі, «Жас эколог», «Балақай» анимациялық қуыршақ үйірмесі,  «Палитра» бейнелеу өнері студиясы бар. Сонымен бірге ақылы негізде «Алтынай» би үйірмесі,каратэ, қазақша күрес, дзюдо, бокс үйірмелері жұмыс жасап, мектеп оқушылары қызығушылықпен қатысуда. Аталған үйірмелердің оқушылары  түрлі шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.