Кітапхана

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жүргізілген іс-шаралар жоспары 2021-2022 о.ж

І жартыжылдық жасалған жұмыстар есебі

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жүргізілген іс-шаралар 2021-2022 о.ж

                                             

    Маржанбұлақ орта мектеп кітапханасының


2018-2019 оқу жылдық есебі


         

  Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер Қазақстан Респкпликасында Білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға  Мемлекеттік бағдарламасы талаптарының шеңберінде білім мазмұны модернизациялау, жаңа переспективалар, жаңа мүмкүндіктер бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы кітапханашылардың мақсат, міндеттері.

  Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханасында ақпараттық коммуникациялық орталық жұмыс істеуде. Оқушылар мен мұғалімдер қосымша қажет материалдарын алып отырады. 2018-2019оқу жылында кітапханаға 3194 дана оқулық келіп түсті. Осы жылы жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 3қазақ сыныбына 67комплект, 3орыс сыныбына 5 комплект, 6қазақ сыныбына 41 комплект,     6 орыс сыныбына 8 комплект, 8 қазақ сыныбына 42комплект, 8орыс сыныбына 6 комплект келіп түсті.

  Мектепте 547 оқушы, соның 547  оқулықпен қамтамасыз етілді. Бірінші кезекте мектептегі жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар оқулықпен толығымен қамтамасыз етілді.Аталған топқа жататын  оқушылардың барлығы  100% оқулықпен қамтамасыз етілген.


Мектеп кітапханасының  материалдық-техникалық базасы

1)      Қабаты: 2 этаж

2)      Жалпыалаңы: 52кв.м

3)      Абонемент, оқу залы бірге

4)      Оқузалындағыорындықтар саны: 10

5)      Кітапхананыңнегізгіқорынаарналғанжекекітапсақтауқоймасы

6) Кітапхананың материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуы: стеллаждар-26,  шкаф-картотека-1,айналмалы кітап жинайтын сөре -1.


  Оқу залында жасөспірімдерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған мерзімді баспалар мен танысуға болады. Атап айтсақ «Мектеп тегі кітапхана», «Аңыз адам,«Ақтөбе», «Ана тілі» , «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Ақтөбе ұстазы», «Жұлдыз-Звезда» 



 

Атауы

Барлығы

1

Кітаптар,кітапшалар мен журналдар саны

45942-17886=28056дана

2

Оның ішінде мектеп оқулықтары (дана)

31779-17886=13893дана

3

Жаңа буын оқулықтары 2010-2018жыл

6337

4

Оқырмандар саны

547

5

Қордың өсуі

3194

6

Кітапханаға келу саны

547*12=6564

7

Берілген кітаптар саны

547*30=16410

Оқу әдістемелігі-1874дана

Әдеби кітап-14011дана

Электрондық оқулық-600дана

 Мектебімізде  2018жылдың қыркүйек айына дейін 45942дана  кітап қоры  болды.     Осы 2018-2019 оқу жылында  жалпы құны 5365769тенге 29 тиын құрайтын  17886дана  оқулықтар  мен   дәптерлерді тозуына және жарамсыздығына байланысты баланстық есептен шығарылды. Казіргі таңда 28056дана .

100 жаңа оқулық 

Кітаптар тізілімі                                    

Қадірлі әріптестер!

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай  жасауды тапсырды.

Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.  

Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалмақ.

Бұл жұмыс үкіметтік емес және коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» деп аталатын қоғамдық қордың негізінде ұйымдастырылуда.

Аударылатын кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орындарынан ұсыныс жиналып, жалпы саны 800-ден аса оқулық атауы келіп түсті. Жинақталған тізімдердің негізінде бірнеше рет басылған, соңғы басылымы кейінгі 3 жылда шыққан, мазмұндық тұрғыдан бейтарап болуы қажет деген талаптарға сүйене отырып, 2017 жылға 18 оқулық таңдалды. Жоспарға сай, бұл оқу құралдары қазақ тіліне аударылып, ЖОО-на тегін жеткізілді. Жаңа оқулықтар 2018-2019 оқу жылынан бастап жоғары білім беру жүйесіне  енгізілді.     

Қазіргі уақытта келесі 30 кітаптың аударма жұмысы жалғасып жатыр. Іріктелген оқулықтарды қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындары мен 300-ге жуық маман қатысуда. Мәтіндер бірнеше лек әдеби және ғылыми редакциядан өтуде. 

Мұндай ауқымды ғылыми аударма жобасы Қазақстанда бұрын-соңды іске аспаған. 100 оқулықты аудару аясында Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары білім беру орындары, ғылыми орталықтар және оқулық шығаруға маманданған баспа ұйымдарымен тығыз әріптестік орнатпақ. Кең көлемді аударма жұмысы қазақ тілін халықаралық ғылыми лексикамен байыта түсуге, ғылыми терминологияны дамытуға, академиялық жазу стилін жетілдіруге, қазіргі ғылыми зерттеу және баяндау әдістерін игеруге зор мүмкіндік береді.

Бұл жобаны іске асыру бірқатар аса маңызды жүйелі мәселені шешуге жол ашады.


Біріншіден, гуманитарлық бағыт бойынша әлемнің 100 үздік оқулығы қазақ тіліне аударылады. Сол арқылы тілдің дамуына аса қажетті ғылыми мазмұн мен лексика дамиды.

Екіншіден, гуманитарлық салалар бойынша оқитын студенттердің заман талабына сай білім алуына жағдай жасалады. Біздің оқу орындарындағы мазмұн және академиялық талқы деңгейі әлемнің ілгері ғылыми орталықтарының деңгейіне шығады.

Үшіншіден, аса ауқымды аударма жобасы қазақстандық  аударма мектебінің күшейіп, жетілуіне жағдай жасайды. Аудармашы мамандар, ғалымдар мен оқытушылардың жаңа негізде жұмыс істеуіне алғышарт болады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан ғалымдарын, зерттеу орталықтарын, сала мамандары мен жобаға қызығатын барша жұртшылықты ортақ іске атсалысуға шақырамыз.  

Құрметпен,        

«Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры  Рауан Кенжеханұлы


Электрондық кітапхананы пайдалану нұсқаулығы

Ең алдымен электрондық кітапхананы пайдалану үшін смартфон немесе планшетке QR - код қосымшасын жүктеп алу қажет. Жүктелген QR- код арқылы «Мобильді кітапхана»қосымшасында ұсынылған     әдеби кітаптың кез келгенін лезде тауып, оқуға немесе жүктеуге болады. «QR код кез келген ақпаратты цифрландыруға мүмкіндік береді. Ұялы телефоныңызда жүктелген арнайы қосымша болса жеткілікті. Бұл қосымша цифрлы технологияға тәуелді болған жастарға смартфонды пайдалы кітаптар оқуға пайдалануға мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді жолы болып табылады.


      

    

  


Маржанбұлақ орта мектебінің 2018-2019 оқу жылы бойынша қыркүйек, қазан  айларында  өткізілген іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Сыныбы

Өткізілетін күні

Жауаптылар

1

Кітапхана қорына келіп түскен оқулықтарға көрме ұйымдастыру.

1-11кл

07.09.2018ж

Ажиниязова Г.С.

Шабарова Г.Ж

2

Отбасынан қымбат не болуы мүмкін?Отбасы күніне арналған көрме ұйымдастыру библиографиялықлық шолу жасау

1-5кл

14.09.2018ж

Ажиниязова Г.С.

Шабарова Г.Ж

3

«Кітапханаға саяхат» 0-1 сыныптарға мектеп кітапханасына  саяхат ұйымдастыру. «Менің алғашқы кітабым» көрмесіне шолу жасау.

0-1кл

15.09.2018

Ажиниязова Г.С.

Шабарова Г.Ж

4

«Тіл –әр халықтың байлығы»көрме ұйымдастыру биб-лық шолу жасау

5-11кл

22.09.2018ж

Ажиниязова Г.С.

Шабарова Г.Ж

5

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А Назарбаевтың 2018жылдағы Жолдауын насихаттау

      9-11кл

13.10.2018ж

Ажиниязова Г.С

Шабарова Г.Ж

Тотаева А.А

6

Рейд: «Оқулықты құрметте»

1-11кл

25.10.2018ж

Ажиниязова Г.С.

Шабарова Г.Ж


    «Отбасынан қымбат не болуы мүмкін?» көрме ұйымдастыру,

библиографиялық шолу болып өтті. Бұл көрмеде оқушылар отбасы туралы тақпақ, өлең, жәнеде мақал мәтелдер айтты.

Әр оқушы өздерінің отбасы туралы ата-анасы және бауырларын құрметтеу, сыйлау және қадірлеу керек екендігі  туралы әңгіме жүргізді.

Оқушылар жақсы көңіл күймен көрмені тамашалады.Осы көрмеде 20оқушы қатысты.