Республикалық "Туған жерге тағзым" акциясы және әкімі бастамасымен тұңғыш Ақтөбе өңірінде қолға алынған бірегей "Бақытты бала" жобасы аясында заман талабына сай жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде меңгеру мақсатында Ақтөбе "Білім-инноватция" лицейінің 1998 жылы түлектерінен Алға ауданы,Маржанбұлақ орта мектебінің оқушыларына ағылшын тілінде оқулықтар берілді.
 
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен "Бақытты бала" жобасы аясында балаларға қолайлы жағдай жасап, оларды интеллектуалдық, дене тәрбиесі,рухани-адамгершілік жағынан дамыту мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат берілді.

Бұл сертификат педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафонында "Облыстық ең үздік шағын жинақталған мектебі" деп танылып,облыс әкімінің 1000000 (бір миллион) теңге гранты берілді.