Мектеп тарихы

                                                 

                                                
      

                                                     Мерейлі Маржанбұлақ ауылы

      Аққұдық яғни, Прогресс селосы, қазіргі Маржанбұлақ ауылы – Алға ауданының солтүстік-батысында орналасқан елді-мекен. Аудан орталығынан 87 шақырым, Ақтөбеден 25 шақырым қашықтықта орналасқан.

      1903 жылы Украинадан көшіп келген украиндардың  17 жанұясы  осы жерде Всесвятское елді-мекенінің іргетасын қалаған.Социалистік революциядан кейін осы елді-мекенде Пригородный сельсоветі құрылған. 1929 жылдың қазан айында жеке шаруашылықтан Буденный атындағы ұжымшары болып ұйымдастырылды және  алғашқы болып кіргендер (Усов Ф.М., Могильный М.В., Пахоно М.С., Пашко, Собакарь Ф.Я., Бондарь В.Д., Каниболоцкий А.Т., Михайлюк И., Новицкий В.В., Собакарь А.Д., Деркач М., Савченко П., Деркач Е., Усов А., Усов В., Гузь В.В.)  тұңғыш төраға болып Могильный М.В. сайланды.

       1934 жылғы мал шаруашылығында жеткен жетістіктері үшін ұжымшарға Ленин  атауы берілсе, 1935 жылдың қаңтарынан бастап Прогресс деген атау берілген. 1957 жылы Прогресс Ворошилов ұжымшарына қосылып, Ворошилов атына ие болып,  1959 жылы қосылған ұжымшарларға қайтадан Ленин атауы берілген.

       Ақтөбе облысы әкімдігінің 11.12.2007 №452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының  11.12.2007 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес халықтың пікірін ескере отырып және Алға аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстары негізінде Алға ауданының Прогресс селосы – Маржанбұлақ ауылы деп аталды.

                       

                              Маржанбұлақ орта мектебінің тарихы.

      Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының тарихында ХХ ғасырдың басында алғаш рет екі кластық шіркеулік приход мектебі ашылды.Одан кейін  1933-1934  оқу жылдарында  төрт кластық бастауыш мектебі, 1949-1950   жылдары Пригород жеті жылдық мектебі, 1962 -1963 жылдары Пригород сегіз жылдық мектебі, 1969-1970 оқу жылында Пригород он жылдық мектебі деп аталды. Жалпы орта білімін жалғастыру үшін мектеп жанындағы интернатқа Қайыңдысай, Құрашасай, Көктоғай сынды елді-мекендерден оқушылар келіп орналасты. Мектеп интернаты 2017-2018 оқу жылына дейін қызмет жасады. Ал, 1970-1971 оқу жылынан бастап мектеп атауы Маржанбұлақ орта мектебі деп өзгертілді.

           

                                    Жаңа мектеп құрылысы

      1985 жылы ауылды қуандырған жаңалық -  жаңа мектеп құрылысының  басталуы еді . Мектеп 392 орын мен 13 оқу кабинеттеріне бағытталып салына бастады. Дегенмен, 1986 жылы мектеп құрылысының жобасымен алғаш танысқан ұжым тағы да 5 оқу кабинетін қосып, оқу-тәрбие жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілуі үшін қолөнер, еңбек кабинеттері, информатика, лингафонды кабинет пен жеңіл атлетикаға арналған алаңды қосымша жабдықтауды ұсынды. Нәтижесінде, 1987 жылы жаңа мектеп құрылысы аяқталып, еңселі екі қабатты мектеп  пайдалануға берілді.

         

                                          Мектеп басшылары

      Соғыс жылдары кезінде алғаш мектеп директорының қызметін  М.С.Мамонтов, одан кейін Слесаренко Вера Степановна атқарды

      1952-1974 жылдар аралығында алтын ұя мектебіне 30 жылға жуық өмірін сарп еткен осы ауылдың азаматшасы Савченко Евдокия Акимовна мектеп директоры қызметін атқарды.

      1974-1975 оқу жылының қазан айында  Савченко Евдокия Акимовнаның зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты мектеп директоры қызметін уақытша атқарушы болып Буртовая Галина Сергеевна, кейін  Дюрягина Нина Федоровна атқарды.

      1975-1978 оқу  жылдары аралығында  Савченко Евдокия Акимовна мектеп басшысы қызметін қайтадан өз қолына алды.

      1978-1982оқу жылдары  Сичевой Александр Аврамович;

      1982-1988 жж. Есмағамбетов Қарымсақ Арыстанұлы;

      1988-1991 жж. Балтымов Рахмет Бисенгалиевич;

      1991-1994 жж. Есмағамбетов Қарымсақ Арыстанұлы;

      1994-2004 жж. Балтымов Рахмет Бисенгалиевич;

      2005-2009 жж. Кангужин Булатбек Таңжарбаевич;

      2009-2011 жж. Турумов Даурен Нурманович;

      2011-2015 жж. Еркусимова Ляйля Тимуровна;

      2015-2016 оқу жылынан бастап мектеп басшысы қызметін Алдияров Табиғат Отарұлы атқарып келеді.

      Осы мектепте  жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде уақыт талабына сәйкес қызмет атқарып, ерен үлгі көрсеткен бұл тұлғалар есімі мектеп тарихынан ойып тұрып орын  алады.

                                 

                                     Ардагер ұстаздар

      Орта мектеп болып ашылғанына 50 жыл тарихы бар мектепте өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру арқылы жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар берген  ардагер ұстаздарға тоқталсақ, бастауыш класс мұғалімдері Тарапат Мария Александровна, Кошелец Анна Терентьевна, Сичевая Вера Степановна, Оразмухамбетова Маржан Ахметовна, Усербаева Балкия Турпаковна, Оразғали Нұрбике Оразғалиқызы, Кашкимбаева Жумакыз, Тотаева Орынтай Оңғаровна, Ержанова Ермек Бисеновна, Камзина Нұрбала Утегеновна, Кушмухамбетова Улузья Муратовна,  Казбекова Унзиля Кибадуллиновна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Морозова Елена Ивановна, Кошелец Екатерина Антоновна, Джанет Кудабековна, кітапханашы Каниболоцкая Вера Васильевна,   география пәні мұғалімі Буртовая Галина Сергеевна, Жасақбаева Қойсын Спановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасым Дағыс Қасымұлы,  неміс тілі пәні мұғалімі Бегалиева Злиха Бегалиевна,  биология пәні мұғалімі Стех Алла Георгиевна, физика пәнінің мұғалімі Алдауов Гумар Каскенович, химия пәнінің мұғалімі  Ажиниязов Алым Садыгович,  тарих пәні мұғалімі Балтымова Ұлмекен Шайхисламовна,  музыка пәні мұғалімі Новицкий Николай Григорьевич,  математика пәні мұғалімдері Дусакова Разия Жумабаевна,Гайзе Ирина Ивановна,  Дуйсенова Базаргул Темиржановна сынды ұстаздар қауымы шәкірттер мен ел алғысына бөленген жандар.

      Соның ішінде мектеп тарихында ең алғаш рет  «Оқу-ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен 1961 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   Савченко Евдокия Акимовна мен 1980 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Морозова Елена Ивановна, 1989 жылы бастауыш класс мұғалімі Усербаева Балкия Турпаковна марапатталды.

      2015 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен тарих пәні мұғалімі Биктасова Айкумыс Абилгазиевна марапатталды.

      Ал, мектеп тарихында ардагер қызметкер  Буртовой Дмитрий Афанасьевич  есімін атап өтпеу мүмкін емес. 2000-2011 оқу жылдары аралығында мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған ол 2005 жылы мектептің жылыту қазандығы күрделі жөндеуді талап етуіне байланысты мектептің материалдық-техникалық базасының жаңаруына өз үлесін қосты. 

                                    Қазақ сыныптарының ашылуы

      1993-1994 оқу жылынан бастап Ақтөбе ауданы (қазіргі Ақтөбе облысы) бойынша алғаш рет Маржанбұлақ орта мектебінде 5-6-кластардан бастап қазақ сыныптары ашылды. Орыс сыныптарындағы оқушылар ата-аналарының келісімімен қазақ сыныптарына қабылданды.Алайда,  1990 жылдан бастап 1- кластар оқи бастады. Қазақ сыныптарының алғашқы ұстазы Ержанова Ермек Бисеновна. Бірақ, қазақ тіліндегі оқулықтардың тапшы болуына  байланысты біршама қиындықтар туындады. Дегенмен, қазақ балаларының сапалы білім алуы үшін Есмағамбетов Қарымсақ Арыстанұлы, Юсупова Күнсұлу Утемуратовна, Дүйсенова Базаргүл Темиржановна, Қасым Дағыс Қасымұлы  бастаған мұғалімдер  көрші аудандардан оқулық алдырып, оқушыларды  білім нәрімен сусындатты.

                                          

                                             Мектеп жетістіктері

       Мектеп тарихында жарқын естелігімен есте қалған  жетістікке толы жылдар да аз емес. Мектеп оқушыларын колхоз өміріне араластыру және еңбекке баулу мақсатында колхоз жұмысшыларына, сауыншылар мен механизаторларға қолғабыс көрсеткені үшін колхоз атынан экскурсияға жіберілді.Экскурсия құрамында жетекшілік еткен  география пәні мұғалімі Буртовая Галина Сергеевна мен математика пәні мұғалімі Ноздренко Валентина Александровна жоғарғы сынып оқушыларын  1980-1982 жылы Ташкентке, 1985-1986 жылы Новороссийск, Қара теңіз жағалауларына, 1986-1987 жылы Ресейдің Мәскеу және Волгоград сынды қалаларына апарып, тарихи мекендерді көрсетті.

     1975 жылы музыка пәні мұғалімі Новицкий Николай Григорьевичтің ұйымдастыруымен  Алматыда өткен Бүкілодақтық-телевизиялық  патриоттық әндер байқауында  мектебіміздің вокалды-инструменьтальды ансамблі лауреат атанды.  Сонымен бірге 1992 жылы Алматыдағы  республикалық жас-әскери  патриоттық әндер байқауынан жүлделі 3 орын иеленіп, Ақтөбе облысының мәдени дамуына өз үлесін қосты.

       2006-2010 жылдары жаңа оқыту технологияларын меңгеру мақсатында «Мектептегі  оқу  процесіне оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясын енгізуді ұйымдастырудың дидактикалық шарттары»  тақырыбында Маржанбұлақ орта мектебінің базасында облыстық эксперимент жүргізілді және оның өз деңгейінде өтуіне   физика пәнінің мұғалімі Есмағамбетов Қарымсақ Арыстанұлы басшылық етті.

2010 жылдың мамыр айында Маржанбұлақ орта мектебінің базасында жүргізілген эксперименттің нәтижесіне Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық конференцияда жоғары баға берілді.

       2009-2010 оқу жылы  педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафонында алтын орда мектебіміз  «Облыстың ең үздік шағын жинақталған мектебі» деп танылып, облыс әкімі Е.Сағындықовтың 1000 000 (бір миллион) теңге грантын иеленсе, «Облыстың ең үздік мұғалімі»  деп танылып, 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге грантын  физика пәнінің мұғалімі Есмағамбетов Қарымсақ Арыстанұлы,  математика пәні мұғалімі Дусакова Разия Жумабаевна, тарих пәнінің мұғалімі Биктасова Айкумыс Абилгазиевна иеленді. Ал, Тотаева Айгүл Аскаровна «Ең үздік класс жетекші» деп танылып, облыс әкімінің 100 000 (жүз мың) теңге грантын иеленді.

       Ал, Республикамыздың жалпы білім беретін мекемелеріндегі ең үздік ұстаздар қауымы енген «Учитель - это призвание» атты анықтама жинағына біздің мектептің де үздік танылған ұстаздары енді. Атап айтсақ, физика пәнінің мұғалімі Есмағамбетов Қарымсақ Арыстанұлы, музыка пәні мұғалімі Новицкий Николай Григорьевич, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасым Дағыс Қасымұлы, тарих пәні мұғалімі Биктасова Айкумыс Абилгазиевна, бейнелеу пәнінің мұғалімі Дүйісов Дәурен Айтжанұлы.

       2005-2006 және 2008-2009 жылдары «Мұрагер» мектеп мұражайы жұмыс жасады.Мұражайға Дусакова Разия Жумабаевна мен Биктасова Айкумыс Абилгазиевна жетекшілік етті. Мұражай 5 бөлімді қамтыды: І.Ауыл тарихы; ІІ.Ауылдың географиялық жағдайы; ІІІ. Мектеп тарихы; ІV. Нумизматика;V. Этнография; Мұражайға 150-ге жуық экспонаттар жинақталды.2007 жылы Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде өткен Халықаралық Музей күніне арналған  «Музей-мектеп» атты ғылыми-практикалық семинарда мектебіміздің  Мұрагер» мектеп мұражайы «Ер есімі-ел есінде» атты  әдеби-музыкалық  кеш өткізді.

       2012-2013 оқу жылының қыркүйек айынан бастап Маржанбұлақ орта мектебінің базасында ресурстық орталық ашылды және ресурсқа  физика пәнінің мұғалімі Меңдалина Ақдидар Амирханқызы жетекшілік етті. Ресурстық орталыққа үш негізгі мектеп магниттік мектеп болып бекітілді. Олар: Көктоғай НМ, Жерұйық НМ, Қайыңдысай НМ. 2013-2014 оқу жылында республикалық деңгейде «Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) жағдайында оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарда  шағын жинақтық мектептерде білім процесін дамытудың өзекті мәселелері көтерілді, оларды шешу жолдары анықталды, ШЖМ педагогтарының озық тәжірибелері  қарастырылды.

      Ал, 2015, 2016 жылдары облыстық сырттай байқауда шығармашылықпен жұмыс жасап озық тәжірибесін жинақтап таратқаны үшін «Үздік ресурстық орталық» ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

      Жыл сайын мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-де жоғары балмен білім грантын жеңіп алуы да ұстаздар мен ата-аналардың  көңілін қуантады.

 

                                  Түлектер мерейі

       Мектеп тарихында ұстаздардың үмітін үкілеген, жетістіктерімен қуандырған шәкірттер де аз емес. 1976-1977 оқу жылының түлегі Сичевой Александр Анатольевич мектепті үздік аттестатпен бітірді. Ал ең алғаш рет 1991-1992 оқу жылы  күміс медаль алған - Сичевой Дмитрий Александрович болды.1993-1994 оқу жылы Ткач Владимир Үздік аттестат иегері болса, Калмуратова Нұргүл Қызыл аттестат  иегері болып  мектеп мақтанышына айналды. 1995-1996 оқу жылы  алтын ұя мектебін Новицкая Анна, Калмуратов Берик, Алмагамбетова Гүлшат  Қызыл аттестатпен   бітірді.1998-1999 оқу жылында  Гавриленко Николай Қызыл аттестат иегері атанды. 2014-2015 оқу жылы Айтжанова Назкен мен Давлетова Жаңылай Үздік аттестат иегері атанып, мектеп мәртебесін асқақ етсе, 2016-2017 оқу жылында Кангужина Айгерім  мен Кузембаева Асем Алтын белгімен марапатталса, Байтурина Аида Үздік аттестат иегері болды. 2017-2018 оқу жылында Тлеужанова Бибіханым Алтын белгі иегері атанды. Сонымен бірге жыл сайын ЖОО-на түскен грант иегерлері де көңіл қуантады. Ұстаздарының сенімін ақтап  алтын ұямыздан түлеп ұшқандар ішінде білікті мамандар, қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен дәрігерлер де бар. Тоқтала кетсек, Алдияров Нағымжан Смагулович Алға ауданының әкімі,  Бектлеуова Айжан Утегеновна  Нұр-Сұлтан  қаласындағы Оқушылар сарайында  білікті ұстаз болса,  Ткач Владимир Талдықорғанда сынақшы-ұшқыш,  Усов Анатолий Владимирович  Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішов атындағы университетте проректор қызметінде болса,   Мухамбетова Алтынай Ануарбековна С.Бәйішев атындағы  университетінде оқытушы қызметін атқарады. Унбаева Жанылсын Султангалиевна, Кальниязов Ерсайын Булатович фармацевт қызметінде болса, Сүйіндіков Талғат Ақтөбе қаласындағы Теміржол больницасында хирург болып қызмет етеді. Стех Сергей Иванович  заңгер болып қызмет етсе, Алмагамбетова Гүлшат Бакытжановна Ақтөбе қаласындағы Хоум Кредит банктің директоры, Тотаева Назгүл Аскаровна  Ақтөбе қаласындағы Халықаралық қазақ-орыс университетінің жанындағы Құнан мектеп-лицейінің директоры, Дусакова Анар Максатовна мен Новицкая Анна Николаевна Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте оқытушы болып жасайды. Фаут Антонина Тимофеевна - Германияда кәсіпкер.Түлектердің көпшілігі жеке кәсіпкерлікпен айналысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып отыр.

                           

 

                                       Мектептің қазіргі келбеті

       Қазіргі таңда Маржанбұлақ орта мектебін Алдияров Табиғат Отарұлы басқарып отыр. Мектепте  549  оқушы 80 мұғалім, 25 қызметкер бар.

       Мектеп ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. «Оқу мен тәрбие егіз» ұғымын өз ісінде жүзеге  асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық. Оқушыларға үш тілді меңгерту, мектепті компьютерлендіру және интернет жүйесімен жұмыс жүргізуді басты назарға алуда. Мектептің материалдық базасын нығайтып, ғылыми негіздермен білім беретін пән кабинеттері жабдықталды. Мектебіміздегі биология, химия, физика, информатика, мультимедия кабинеттері жаңа модификациялы кабинеттер болып табылады. Сонымен бірге салауатты өмір салтын ұстану мақсатында 2 спортзалы жұмыс жасайды.  Мектептегі оқушылардың рухани дүниесін байытуға ұйытқы болып отырған кітапхана жұмысы да жақсы жолға қойылған. Онда 28 056 дана оқулық, 1 874 әдістемелік әдебиеттер, 600 дана электронды оқулық, 14 011 көркем әдебиеттер қорымен бірге «Рухани жаңғыру» бұрышы бар.  «Кітап – Рухани қазына» тақырыбында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып жатыр.

       Маржанбұлақ орта мектебінде волейбол, теннис,   футбол, тоғызқұмалақ  секциялары жұмыс жасайды және «Жас актер», «Бабадан қалған бар байлық» үйірмесі, «Жас эколог», «Балақай» анимациялық қуыршақ үйірмесі,  «Палитра» бейнелеу өнері студиясы бар. Сонымен бірге ақылы негізде «Алтынай» би үйірмесі,каратэ, қазақша күрес, дзюдо, бокс үйірмелері жұмыс жасап, мектеп оқушылары қызығушылықпен қатысуда. Аталған үйірмелердің оқушылары  түрлі шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

       Қ.Р. Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп өз сөзінде айтқанындай, білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен мәселе. Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан мектептің әлі де жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі әлі алда.

  

 Құрметті ауылдастар! Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына орай Маржанбұлақ орта мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігін келешек ұрпаққа насихаттап, патриотық тәрбие беру мақсатында, ауылымыздың ардагерлері жайлы ақпараттар жинақталуда. Сіздерден өтініш Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің тізімінде туыстарыңыздың бар-жоғын анықтап, болса төмендегі үлгіде мәлімет жолдауларыңыз сұралады.

  

Уважаемые односельчане! В связи с празднованием 75-летия Победы в Великой Отечественной войне  Маржанбулакская средняя школа ведет подготовительную работу по сбору информации ветеранов нашего села. Убедительная просьба просмотреть списки ветеранов и уточнить есть ли в списке ваши родственники и дать  краткую информацию 



Список погибших и пропавших из Ключевого РВК п.Маржанбулак

собрано из списков Ключевого РВК, из сведений переданных РФ Казахстану, данные из интернета по ВПП и из данных Мемориала  по 1943, 1944, 1945 гг.

ФИО

Дата рождения

1

Баймашев Мураткали

1903

2

Балманов Лекур?

1905

3

Береговский  Иван Семенов

1923

4

Булгакпаев Ижан

1922

5

Бусурманов (Бусырманов)  Каим (Кусаин)

1913

6

Вакеленко Пантелей Вас.

1902

7

Волков Димитрий Георгиев.

1908

8

Волков Родион Спиридонов.

1905

9

Волков Родион Спиридонов.

1901

10

Даушов Мурзагали

1898

11

Додонов Григорий Степанов

1910

12

Есетов Кабай

1897

13

Елеуов Каден

1889(1892)?

14

Жаксылыков Меже

1912

15

Исатаев Алмаш

1898

16

Исатаев Кусвн                                  

1917

17

Ишимханов Дусбай Ишимхан

1896

18

Ишимханов (Ишмуханов) Таласвай (Таласбай)

1906

19

Кошелец Григорий Степан.

1925

20

Кравченко Павел Александр.

1919

21

Коровниченко Александр Петр

1908

22

Казаев Александр Андреев

1899

23

Казаев Андрей Иванович

1903

24

Казаев Идьич

1919

25

Конибалоцкий Андрей филип.

1909

26

Коровниченко Алекс-р Петр

1908

27

Куандыков Усан

Куандыков Усен

1918

28

Лысенко Прокофий Герасим.

1899

29

Любаев Андрей Филипович

1924

30

Летвиненко Николай Семен.

1907

31

Литвиненко Иван Елисеевич

1902

32

Мажуга (Мажугин?) Александр Нестеров.

1914

33

Ноздренко Кузьма Васильев.

1897

34

Найденов Федор Данилович

1924

35

Найденов Роман Тимофеев

1909

36

Пшита (Пишта) Василий Иванович

1925

37

Пишта Степан Иванович

1903

38

Рябов Прокоп Яковлевич

1904

39

Ракзин Петр Иванович

1923

40

Ракзин Федор Иванович

1914

41

Раскулов Даулбай

1905 (1903)

42

Райда Гаврил Трофимович

1925

43

Ракишов Алижан

1909

44

Сорин Арсижамбай

1898

45

Сисенов Усмае (О?)

1906

46

Сабакарь Яков Яковлевич

1905

47

Сабакарь Федор Никифор.

1918

48

Савченко Александр Игнать

1921

49

Сисенов Сарай?

1915

50

Склевин  Петр Яковлевич

1926

51

Собакарев Петр Яковлевич

1906

52

Сорока Кондрат Федорович

1908

53

Старостин Иван Михайлович

1903                

54

Степаненко Григорий Григор.

1905 (1906)

55

Сугуралин (Сугралин) Галимжан

1903

56

Сытов (Сытый) Дмитрий Архипович 

1909 (1904)?

57

Тарченко Степан Емельян.

1919

58

Уксикбаев Султанбек

1890(1912)

59

Уксикбаев (Уксикбаев) Мдоген (Улпаген)

1904

60

Умаров Есказы

1898

61

Умаров Жуманбай

1907 (1908)?

62

Умаров Жумат

1908

63

Усов Николай Акимович

1922

64

 

Утинов (Утенов) Жанаберген

1904 (1903)

65

Шалбаев Жетписбай

1924

66

Шаповалов Тимофей Иванов

1908

 

 

Алфавитная книга Ключевого РВК учета погиб.  И проп б/в серж. И р/состава в Отечественной войне 1941 – 1945 г.г.

ФИО

Дата рождения

1

Абилов Абрахман

 

2

Баймашев К.

 

3

Бевзенко Александр Макс.

 

4

Бондоренко А.И.

 

5

Горовой (Горевой?) Ник. Прокоп.

 

6

Жаксылыков С.

 

7

Калиниченко З.И.

 

8

Каниболоцкий Алексей Ал.

 

9

Коровниченко Г.И.

 

10

Кошелец Иван Степанович

 

11

Куандыков Жус...

 

12

Куандыков Мырзагали

 

13

Найденов Н.Т.

 

14

Найденов Ф.Д.

 

15

Нуржанов Жумабек

 

16

Периков Вас.Алек.

 

17

Пишта Вас.Иван.

 

18

Райда Г.Т.

 

19

Райда Иван Троф.

 

20

Ракесенов Станисл.Иосиф.

 

21

Ракша Тим.Конст.

 

22

Ракша Григ.Конст. 1903

 

23

Рябов Семен Матв.

 

24

Савченко К.Г.

 

25

Савченко Федор Аникеевич

 

26

Старостин Иван Мих.

 

27

Старостин Ник. Иван.

 

28

Степаненко А.Г.

 

29

Чабан Петр Пав.

 

30

Шаповалов  Данил  Данил.

 

31

Шаповалов М.С.

 

 

 

 

Алфавитная книга призванных в ряды Советский Армии с 1941 по 1942 гг

с буквы А по П

ФИО

Дата рождения

1

Абдрахманов

1912

2

Абдрахманов Габдул

 

3

Абдрахманов Мурзагул Р.

1900

4

Абдрахманов Тулебек

1895

5

Алмешов

 

6

Бектлеуов Нарым

 

7

Белаконь Пет.Ив.

 

8

Белеговский Павел. Семен.

 

9

Белеговский Егор

 

10

Бандаренко Як.Дмит.

 

11

Бондаренко Ал.Иван.

 

12

Бондаренко  Алекс.Сем.

1923

13

Бондаренко Арх. Еф.

1895

14

Бондаренко Вал. Иван

1922

15

Бондаренко Гр. Марк.

 

16

Бондаренко Дмитр. Пант.

 

17

Бондаренко И.В.?

 

18

Бондаренко Ив.Троф.

 

19

Бондаренко Иван Мих.

 

20

Бондаренко Петр Дм.

 

21

Волков Вас.

 

22

Волков Виктор Сер.

 

23

Волков Дм.Григ.

 

24

Волков Мих.Лавр.

 

25

Волков Мих.Радион.

 

26

Волков Радион Ст.

1901

27

Волков Сав.

 

28

Волков Филип

 

29

Гамога Мих Афан

 

30

Гончаренко Ник. Прок.

 

31

Гончаренко Яков Спир.

1905

32

Горевой  Алекс. Кузм.

 

33

Горевой  Дмитр. Кузмич

 

34

Горевой Ник. Прок.

 

35

Горевой Петр Кузмич

 

36

Дилмашев Сабинб.

 

37

Есетов Габдула

1910

38

Есетов Картжан

 

39

Есетов Кобай

 

40

Есетов Сагитжан

 

41

Есетов  Тамбай

 

42

Иванов Ал.Вас.

 

43

Иванов Алексей Анд.

 

44

Иванов В.И.

 

45

Иванов Вас. Алекс.

 

46

Иванов Вас.Егор

 

47

Иванов Вас.П.

 

48

Иванов Дмитр. Сем.

 

49

Иванов И.В.

 

50

Иванов Николай Ст.

 

51

Иванов Павел Серг.

 

52

Иванов Петр Вас.

 

53

Иванов Петр Иосип.

 

54

Иванов Сергей  Як.

 

55

Иванов  Тимоф. Яков.

 

56

Иванов  Федор Алекс.

 

57

Имангазин А

 

58

Имангазин Галым

 

59

Имангазин Дуйсен

 

60

 Имангазин Жакас

 

61

Имангазин Жанул

 

62

Имангазин Карин

 

63

Имангазин Курман

 

64

Имангазин Кусаин

 

65

Казаев Избасар

 

66

Калиниченко А.Е.

 

67

Калиниченко В.К.

 

68

Калиниченко В.Ф.

 

69

Калиниченко К.А.

 

70

Калиниченко Н.К.

 

71

Канибанецкий А.И.

 

72

Каниболоцкий А.Ф.

 

73

Каниболоцкий Н.А.

 

74

Каниболоцкий Т.Ф.

 

75

Лысенко Алекс.Роман.

 

76

Лысенко Арк.Герас.

 

77

Лысенко Вас.Вяч.

 

78

Лысенко Иван Митр.

 

79

Лысенко Ник. Ив.

 

80

Лысенко Фед. Ефим.

 

81

Могильный П.В.

 

82

Мурзагали  Ищан

 

83

Мурзагалиев Абдулла

 

84

Мурзагалиев Гин.?

 

85

Мурзагалиев Матай

 

86

Мухамбетов Наур.

 

87

Мухамбетов Арпкен

 

88

Мухамбетов Ахмет

 

89

Мухамбетов Бурамб.

 

90

Мухамбетов Г.

 

91

Мухамбетов Избасар

 

92

Мухамбетов Каратай

 

93

Мухамбетов Мадар

 

94

Мухамбетов Мукат

 

95

Мухамбетов Прим.

 

96

Мухамбетов Сеит

 

97

Мухамбетов Сисен

 

98

Мухамбетов Султан

 

99

Мухамбетов Ураз

 

100

Мухамбетов Шакен

 

101

Найденов А.Д.

 

102

Найденов Мих. Тим.

1917

103

Нуржанов Аклаш

 

104

Нуржанов Кеденбай

 

105

Нуржанов Клан.

 

106

Нуржанов Кулкей

 

107

Петренко Ант.Як.

1905

108

Петренко Ив. Як.

 

109

Петренко Илья Прок.

 

110

Петренко Петр. И.

 

111

Пишта Ст.Ив.

 

 

 

 

 

 

 

 

Призванные Ключевым РВК 1941 – 1942 гг. От Р до Я

ФИО

Дата рождения

1

Савченко Вяч. Алек.

 

2

Савченко Дмитр.

 

3

Савченко Фед.Андр.

 

4

Сарин Даулбай

 

5

Сарин Ергали

 

6

Сарин Каимек

 

7

Сарин Нигмет

 

8

Сарин Рысмагамбет

 

9

Сарин Сагиндык

 

10

Сарсенов Изтлеу

 

11

Сарсенов Куат

 

12

Славкин Тим. Никит.

 

13

Славкин Фед.Н.

 

14

Сляднев Т.И.

 

15

Степаненко Григ.Ян.

 

16

Степаненко Иван Вас.

 

17

Тарасов Афан.Ив.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Список участников ВОВ 1941 – 1945 гг. Ключевого РВК п.Маржанбулак

ФИО

Дата рождения

1

Арыкбаев Шамил

1905 – 1956

2

Баев Николай Семенович

1926 – 1985

3

Байтеков Кубай

1901 – 1986

4

Балач Сидор Григорьевич

1899 – 1954

5

Балтымов Бисенгали

1907 – 1974

6

Бектлеуов Кадырбай

1910 – 1985

7

Бондаренко Александр Николаевич

1911 – 1962

8

Бондаренко Аким Степанович

1908 – 1963

9

Бондаренко Григорий Степанович

1915 – 1976

10

Бондаренко Илья Петрович

1922 – 1990

11

Бондаренко Петр Степанович

 

12

Баралин Шапилей

1910 – 1975

13

Волков Григорий Варнович

1898 – 1976

14

Волосожар Федор Иванович

1900 (1909) – 1953

15

Гамага Василий Михайлович

1924 – 1982

16

Гитченко Иван Васильевич

1916 – 1973

17

Гузь Степан Викторович

1909 – 1984

18

Деркач Василий Семенович

1912 – 1984

19

Деркач Василий Самсонович

1909 – 1978

20

Деркач Михаил Семенович

1910 – 1973

21

Есауленко Андрей Антонович

1918 – 1970

22

Жалбиров Муса

1910 – 1985

23

Иванов Петр Николаевич

1926 – 1978

24

Имангазин Жакуда

1910 – 1948

25

Казаев Андрей Степанович

1914 – 1970

26

Казаев Алексей Ильия

1921 – 1971

27

Казаев Григорий Степанович

1912 – 1985

28

Каймаков Иван Федорович

1915 – 1977

29

Калиниченко Антон Назарович

1910 – 1958

30

Калиниченко Василий Назарович

1921 – 1993

 

 

 


 ОБРАЗЕЦ:

  

 

        Казаев Григорий Степанович – рядовой место призыва Ключевой КВК Каз.ССР Актюбин. обл, Ключевой район.

Место службы 371 сп.57. СОВВ НКВ ДЗ Бел.Ф

Награды

1.За взятие «Кенигсбера»

2.За победу над Германией.

В Великой Отечественной войне 1941 – 1945гг.

3. Орден Отечественной войны ІІ степени №85. 06.04.85г.

4.Медаль за от вагу

Участик ВОВ с 1941 г принимал участие в боях на Ленинградском и з-м Белоруком фронтах. В бое при наступлении на г.Волков, когда был выведен из строя расчет миномета, Казаев из миномета уничтожал станковый пулемет противника, в месте с его расчетом за время прибывания в 371 стрелковой полку проявил себя дисциплинированно  и исполнил бойцовский долг, лично задержал 13 немцев.