17 Қаз 2023
Страницы КГУ "Маржанбулакская средняя школа" Государственного учреждения "Отдел образования Алгинского района управления образования Актюбинской области"

Ата - аналарды педагогикалық қолдау

2023 жылдың 3 қарашасында 10-11 сынып оқушыларының ата - аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында құрылған сабақ кестесіне сәйкес көркем мінез - баға жетпес байлық тақырыбында сабақ өткізілді. Негізгі мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту.

Ата - аналарға жағдаяттық тапсырмалар беріліп,бейнероликтер көрсетілді.


5-9 сынып оқушыларының ата – аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында құрылған сабақ кестесіне сәйкес “Баланың бас ұстазы - ата - ана” тақырыбында сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.

Міндеттері:

1.Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру.

2.Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. .

3.Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу.

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

• ата-ана борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрметі, сенімі, қамқорлығы, ашықтығы;

• адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу, әзіл сезімі.


1-4 сынып оқушыларының ата – аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында құрылған сабақ кестесіне сәйкес “Білімдіге дүние жарық” тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;

2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;

3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;

4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

Ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік, прагматизм, эвристикалық, еркіндік.


Атауы Жүктеу
1  Ақпарат docx

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар